• 18-03-2025

Шымбұлақ маңында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапты

Комсомол шыңы аумағында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы 2025 жылы 17 наурызда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Қар көшкініне тыйым салынған аумақта шаңғы тепкен үш адам түрткі болған. Олардың бірі мерт болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, Нунатак көлі аумағында Талғардың сол жақ асуында (Талғар ауданы) үш адам ("Шымбұлақ" тау шаңғы курортынан 1 шақырым қашықтықта тыйым салынған жер) шаңғы теуіп, биік тұсты кесіп өтуде қар жамылғысының қозғалуына түрткі болған. Салдарынан үшеуі де қар астында қалды", — деп хабарлады ведомстводан.

Екі шаңғышы, Құдай сақтағанда аман-есен. Үшіншісінің денесін "Шымбұлақ" курортының құтқарушылары қар астынан алып шықты.

Зардап шеккендердің жеке басы анықталып жатқаны нақтыланады.

2025 жылы 10 наурызда Шымбұлақта қар көшкіні жүріп, тау-шаңғы курорты аталған оқиға хронологиясын түзген болатын. Ол кезде де қар көшкініне тәртіп бұзған туристер түрткі болған.