Павлодарда қоғамдық резонан туғызған "ХАС" деп аталатын қаржы пирамидасын құру ісіне қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 17 наурызда өңір прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот 2022-2023 жылдар аралығында қаржы пирамидасының басты ұйымдастырушысының қылмыстық топты құрып, оны басқарғаны анықтады. Ол азаматтардың ақшалай қаражатын жоғары табысты инвестиция ретінде тарту арқылы алаяқтықпен айналысқан. Уәде етілген 70%-ға дейінгі пайда көпшілікке тартымды көрініп, көптеген азаматтар сеніп қалған. Нәтижесінде Астана, Алматы, Павлодар, Екібастұз және басқа да елді мекендерде 376 азамат алаяқтарға 2 миллиард теңгеден астам қаражат тапсырған.
Мемлекеттік айыптаушы тарап – прокуратура қылмыстық схеманы ұйымдастырушыға қатаң жаза тағайындауды талап етті.
"Сот айыптау тарапының ұстанымын қолдап, қаржы пирамидасының негізін қалаушыны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыстық топтың қалған мүшелері де түрлі мерзімдер мен жаза түрлеріне кесілді. Айта кету керек, прокуратура істің әділ үкіммен аяқталуында маңызды рөл атқарды. Ол сотқа ұйымдасқан алаяқтықтың жан-жақты дәлелдерін ұсынды". Павлодар облысының прокуратурасы
Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Астанада 10-нан астам эпизодқа қатысы бар деген алаяқтық күдігімен 30 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлағанбыз.
TOP
-
"Бұл – айтулы жетістік!": Тоқаев бокстан үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбайды құттықтады
17.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Переход к более ответственному перед обществом государству: Политолог о реформах Касым-Жомарта Токаева
17.03 -
-