• 18-03-2025

Цифрландыру жанданады

Мемлекет басшысының Бурабайда өткен Ұлттық құрыл­тай­да цифрландыру және жасанды интеллект мәселелері бойынша жасаған мәлімдемесі өте өзекті әрі уақыт талабына сай. Жасанды интеллект саласы маманы ретінде айтарым, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифр­лық тех­нологиялар мен жасанды интеллектіні еліміз­дің стра­те­гиялық басымдықтары қатарына жат­қыза отырып, дер кезінде нақты міндеттерді айқындап берді.

Президенттің мәлімет­тер­ді сақтау және өңдеу үшін қуатты желілер құру туралы ұсы­нысы отандық жасанды интел­лектінің дамуында дерек­тер инфра­құ­ры­лы­мының маңыз­ды­­лығын нақты түсінетінін көр­се­теді.

Жасанды интеллекті технологияларын жаппай енгізу және цифрландыру үдерістерінің энер­­­гетикалық әлеуетке тіке­лей тәуел­ді екенін атап өткен Пре­зидент сөзімен толық келі­се­мін. Себебі жасанды интеллект инфрақұрылымының тұрақты дамуы энергетикалық тұрақ­ты­лық­ты қажет етеді. Осы тұр­ғыдан алғанда еліміздің электр қуатын өндіруде өзін-өзі қам­­тамасыз етіп, экспортқа шы­ға­ру­­шы елге айналу жоспары өте орынды.

Президенттің жоғары технологияларды мемлекеттік бас­­қарудың барлық саласына ен­гізу туралы міндеті еліміздің тех­но­логиялық дамуы мен бәсе­ке­ге қабілеттілігін арттыруға зор мүмкіндік береді. Алайда бұл үшін нақты құқықтық, тех­ни­калық және адам капиталын дамыту бойынша мемле­кет­тік деңгейде жүйелі жұмыс қажет.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының атап өткен төрт негізгі бағыты – цифрландыру және жасанды интеллект, көлік тасымалы, энергетика, агро­өнер­кәсіп кешені және адам капи­талы – еліміздің инно­ва­циялық дамуының кешенді стра­тегиясы екенін көрсетеді. Осы салаларды жасанды интеллект технологиясымен біріктіру ар­­қылы Қазақстан аймақтық қана емес, жаһандық деңгейдегі техно­ло­гия­лық көшбас­шы­ға айнала алады.

Жалпы, Мемлекет басшы­сы­ның осы мәлімдемесі еліміздің ал­дағы жылдардағы цифрлық транс­формациясы мен жасанды ин­теллект саласының да­муы­на бе­рік не­гіз қалайды.

Мейіржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ,

ІТ сарапшы