Алматыда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараларды дайындау және өткізу аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу қою жоспарлануда. Бұл туралы 2025 жылдың 18 наурызында қала әкімдігі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігінің берген ресми мәліметіне сүйенсек, 19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
Осыған байланысты, көрсетілген кезеңде 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі.
Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттары. Астана алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болады. Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді.
Сонымен қатар, 22 наурызда сағат 06:00-ден 11:30-ға дейін Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі Абай даңғылы уақытша жабылады.
Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, балама жолдарды таңдап алуларыңызды сұраймыз. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
"Екеуміз де арбаға таңылдық": көптен көрінбей кеткен Нұрлан мен Мұрат денсаулығы туралы айтты
18.03 -
-
-
-
-
-