Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 18 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,47 теңгеге төмендеп, 496,41 теңге болды.
Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,11 теңгеге (+0,21) жетті.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы таңғы саудада 68,63 теңгеге (-0,39) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 496,3-498,9 теңге, еуро 541-546 теңге, рубль 5,77-6,17 теңге аралығында сатылуда.
18 наурыздағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мамыр фьючерстерінің құны барреліне 71,80 долларға дейін 1,03%-ға өсті.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 1,02%-ға қымбаттап, барреліне $68,06 құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 499,04 теңге, еуроны 544,45 теңге, рубльді 5,96 теңге деп белгіледі.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
"Екеуміз де арбаға таңылдық": көптен көрінбей кеткен Нұрлан мен Мұрат денсаулығы туралы айтты
18.03 -
-
-