5 наурызда Франция президенті Эммануэль Макрон Украина бойынша маңызды мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Макрон үндеуінің аясында Ресейді "Франция мен Еуропаға қауіп" деп атады. Сондай-ақ, Франция басшысы мәлімдеменің негізгі бөліктерін өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында да жариялады.
Мысалы, ол Украинадағы бітімге қарсы екенін анық айтты.
"Бүгін біз енді Ресейдің сөзіне сене алмаймыз. Украина бейбітшілік пен қауіпсіздікке құқылы және біз бұған мүдделіміз. Біз осы үшін британдық, неміс достарымызбен және басқа да еуропа елдерімен жұмыс істеудеміз",- деді ол.
La Russie est devenue une menace pour la France et pour l’Europe. pic.twitter.com/E4TnNo6x7B
— Emmanuel Macron (@EmmanuelMacron) March 5, 2025
Сондай-ақ, ол бүкіл ЕО-ны қорғау үшін Францияның ядролық қаруын пайдалану туралы пікірталас бастау туралы шешім қабылданғаны жайлы айтты. Бұған қоса, ол Украина аумағына ЕО әскерлерін енгізу мәселесін жақтады.
Макронның айтуынша, келесі аптада Парижде тұрақты бейбітшілікке кепілдік беруге дайын Штаб бастықтары жиналады.
"Франция бұл жоспарды Киевпен және өзге де еуропалық серіктестермен бірге әзірледі", – деп қосты президент.
Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Француз басшысының мәлімдемесіне бірден түсініктеме берді. Оның айтуынша, "әлем Эммануэль Макронды сағынбайтын болады".
"Микронның өзі үлкен қауіп төндірмейді. Ол 2027 жылдың 14 мамырынан кешікпей мәңгілікке жоғалады", – деді ресейлік саясаткер.
Бұған дейін АҚШ пен Ресей қатынасы біртіндеп қалыпқа келуде екенін жазған болатынбыз.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
«Сенсіз өткен қырық күн»: Бағым Мақсатқызы күйеуіне жантебірентерлік жазба арнады (ВИДЕО)
15.03 -
«Жоғары лауазымды полицейдің қызы». Ақтауда «қыз зорлады» деген күдікпен жас жігіт сотталды
15.03