Астана әкімінің орынбасары Еркін Өтебаев 2025 жылдың 5 наурызында мәжіліс кулуарларында қоғамдық көлік мәселесі қалай шешілуде екенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 2024 жылдың желтоқсанында Астананың көліктік дамуының кешенді жоспары бекітілгенін атап өтті. Оның аясында, 2025 жылы қосымша 400 жаңа автобус сатып алынады, оның жартысынан көбі – 18 метрлік автобустар.
"Басты міндет автобуста жүру ыңғайлы болуы керек. Мен шетелде, Прагада болдым. Онда метро, трамвай, автобустар, троллейбустар бар. Автобусқа кіресің, іші бос. Отыруға, тұруға болады. Сонда мен өзімнің әріптесіме сұрақ қойдым: "Автобустардың ішінде адам аз. Неліктен 25 метрлік автобустарды іске қосқансыздар? дегенімде ол автобустарды толтыру керек деген тапсырма түспегенін, бастысы оның адамдарға ыңғайлы болуы керек екенін айтты. Қазір біз де осы бағыт бойынша жылжып келеміз. Басты мақсатымыз – қоғамдық көлікті тартымды ету",- деп түсіндірді ол.
Әкімнің орынбасары ағымдағы жылдың соңына дейін Астанада сынақ режимінде LRT іске қосылатынын еске салды. Ал, түйіткілді мәселелердің ішінен автобус жүргізушілерінің тапшылығын атап өтті. Оның айтуынша, 500-ден астам жүргізуші қажет.
Бұған дейін шенеуніктердің Астанадағы ақылы тұрақ мәселесін талқыға салғандығы хабарланған болатын.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
Ұлттық құрылтай: Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне жол салу. | Күн тәртібі | 17.03.2025
17.03 -
-
-
-
-
-