Жамбыл облысында сапасыз жол үшін 4 ауыл әкімі мен жауапты мекеме басшысы жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жетінші арна" телеарнасы Жамбыл облысындағы жол сапасы сын көтермейтіндігін жазды. Осы олқылық үшін 4 ауыл әкімі мен жауапты мекеме басшысы жазаланды. 57 лауазымды тұлғаға 1,5 млн теңге айыппұл салынды. Құзырлы мекеме жасаған тексерістен кейін екі жарым мыңнан астам мін табылған.
- асфальт шұрық тесік,
- жол белгісі жоқ,
- жол үстіндегі қар дұрыс тазартылмаған.
Биыл жол инспекциясы қызметкерлері 5 мың шақырым көлік жолын тексерген. Енді жол жөндеу басшылары мен жергілікті атқарушы орган 600-ден астам ұйғарым бойынша кемшіліктің орнын толтыруға тиіс.
"Жол жабындысында ойық, шұңқыр орын алғанға байланысты нұсқама беріледі. Оны орындау үшін 1 ай көлемінде уақыт береміз. Егер белгілі мекемемен ол нұсқама орындалмаған жағдайда полиция департаментіне жауап жолданады",- деді Азамат Бақытұлы, ӘПБ бөлім бастығы.
Бұған дейін "Жетісу" футбол клубының директоры жеті жылға бас бостандығынан айырылғандығы хабарланған болатын.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Ұлттық құрылтай: Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне жол салу. | Күн тәртібі | 17.03.2025
17.03 -
-
-