2025 жылдың 19 наурызында Мәжілісте өткен отырыста депутат Бақытжан Базарбек ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мәжілісмен қазіргі таңда пайдаланылмай, заңсыз жекеменшікке өткен ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша ауқымды және кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның мәліметінше, қазірдің өзінде 12,1 миллион гектар қайтарылды, оның 4,9 миллион гектары халыққа бөлінген.
"Ал бұл жай ғана құрғақ цифрлар емес, біріншіден, әрбір сот шешімінің артында әділдіктің бар екенін және мемлекет оны қалпына келтіру міндетін шындап қолға алғанын өз көзімен көрген нақты адамдар тұр. Екіншіден, жердің сатылмайтыны қоғамдық санаға, саяси тәжірибеге сіңеді. Елбасы атап өткендей, "Жер – басты байлығымыз, онсыз мемлекетіміз болмас еді". Үшіншіден, жер мемлекет меншігіне қайтарылып, тек заңға сәйкес бөлінеді", – деді ол.
Оның айтуынша, жер тақырыбында саяси ұпай жинап, халықтың сеніміне кіріп, оны ақшаға айналдыруға тырысқан түрлі популистер мен псевдобелсенділер де әшкереленген.