• 19-03-2025

"Қайтадан аяз": алдағы мереке күндері елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктер наурыздың 21-22 наурыз күндері еліміздің кей өңірінде күн салқындап , аяз болатынын мәлімдеді. Бұл туралы "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алдағы демалыс күндері солтүстік өңірлерде суық антициклонның әсерінен күн суиды.

21 наурызда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақтың артынан боран мен жел күшейеді.

22 наурызда антициклон әсерінен солтүстік аймақтарда жауын-шашын тоқтап, түнде 5-10 градусқа дейін аяз болады.

Антициклон Қазақстанның оңтүстігіне да ауысады. Осылайша өңірде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.