• 22-03-2025

Асығы алшысынан түсті

Алматы облысы Талғар қаласындағы А.Кивилев атын­­­дағы спорт кешенінде ұстаздар арасында асық ату мен бес асықтан республикалық турнир өтті. Атал­ған дүбірлі додаға Алматы қаласы мен Алма­ты, Жамбыл, Жетісу , Түркістан облыс­­тарынан жи­нал­ған ұстаздар қатысып, өзара сайыс­қа түсті.

Турнирді Талғар аудан­дық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының дирек­торы, «Спорт жұлдыздары» рес­­­­пуб­ликалық журналының шеф-редакторы, Құрметті спорт қыз­­мет­­кері Жандос Бұсырманов құт­тықтау сөзімен ашып, қаты­су­шы­ларға сәттілік тіледі. Аса тар­тыс­ты өткен ақтық сында асық атудан 20-29 жас ара­лы­ғында Түркіс­тан облысы Орда­басы ауда­нынан кел­ген Ақниет Қал­­ды­беков, 30-39 жас ара­лы­ғын­­да Жамбыл облысы Шу ауда­­ны­ның мұғалімі Бахтияр Ах­ме­тов, 40-49 жас аралығында Есік қаласынан қатысушы Дарын Таш­­­­­кен­баев, 50-59 жас аралы­ғын­­да Түркістан облысы Келес ау­­да­­­­нының мұғалімі Қуандық На­­л­иев жеңістің биік тұғырынан көрінді.

Бес асықтан өткен сайыста Талғар қаласының өкілі Райхан Тұрсын­баева қарсыласы­нан басым түсіп, жеңімпаз атанса, алматы­лық Гүлжамал Асау­­­­баева екінші орынға ие болды. Ал қола жүлдені Алматы облысының ­ойыншылары Шай­нұр Илгидаева мен Мақпал Са­ғатбекова еншіледі.

Жеңімпаз және жүлдегер атанған асықшыларға Асық ату феде­рациясының дипломдары мен медальдар табыс етілді.

Наурыз мерекесі қарсаңында Жамбыл ауданында да асық ату мен бес асықтан жас­өс­пі­рімдер арасында тартыс­ты жарыс ұйым­­д­астырылды. Бұл бәсекеде бақ сынасқан осы аудандағы «Жас­ұлан» балалар үйінің ойын­шыла­ры бәрінен озып, бас жүлдені же­ңіп алды. Жалпы­командалық жа­­рыс­та Жамбыл мен Талғар ау­да­н­дары 2 және 3-орындарды иеленді.

Бес асықтан өткен бәсекеде Қа­­расай ауданының қыздары қар­­­сы­лас­тарынан оқ бойы озып, І орын­ға тұрақтады. Жүлделі ІІ, ІІІ орын­­ды Талғар мен Еңбек­шіқазақ ау­­да­­­нының ойыншылары ұтып алды.

Алматы облысы