"Ақсай" су жинағыштың құрылысын аяқтау 2025 жылдың қарашасына жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, бүгінде жұмыстардың 80%-ы аяқталған. Құрылыс маусымы басталған соң, нысанға апаратын көпірлер мен жолдардың құрылысы жалғасады. "Integra Construction компаниясы белгіленген кестеге сәйкес қараша айында іске қосу-жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Осылайша, қаланың батыс бөлігі мен Алматы облысының бірнеше елді мекені сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Барлық қажетті қаражат бөлінді, бастысы – мердігер жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауы тиіс", – деді Ерболат Досаев.
TOP
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шик қазақ этноауылына барды
16.09 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-