Қарашаның басы – қансонар уақыты.
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында қазақи ит тұқымдарының күнін қарашада атап өтуді ұсынды.
Еске салайық, бұған дейін Экология министрлігі 3 қыркүйекте қазақы ит тұқымдарының күні атап өтуі ұсынған еді.
Сенатор ұлттық кинологтар қауымдастығының пікірінше, елімізде тазы мен төбет күні деп белгіленген 3 қыркүйек тарихи және мәдени дәстүрлерге толығымен сәйкес келмейтінін айтты.
"Қазақ аңшылық мәдениетінде тазы мен төбет тек ит тұқымы ғана емес, көшпенділердің серігі. Аңшылық пен дала өмірінің символы. Дәстүр бойынша, Қазақстанда аң аулау маусымы қарашада, алғашқы қалың қар түскен кез – қансонарда басталады. Тазы мен төбет күнін осы кезеңге орайластырып, қарашаның бірінші жексенбісіне белгілеуді қарастырған жөн", – деді Бибігүл Жексенбай.
Оқи отырыңыз: "Қазақ тонын төсеп, төріне шығарған": Әлемге таралған тазыны қашан дүние жүзі мойындайды
Еске салайық, Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазының халықаралық тізімге енгізілгенін алға тартқан болатын.
"Аң аулайтын айрықша қасиеттері бар қазақы иттің тұқымын енді бүкіл әлем біледі. Жақында мен Парижде Елисей сарайында болдым. Франция Президенті Эмманюэль Макронға сыйлаған қос тазыны көрдім. Франциялықтар тазылардың ерекше қабілетіне тәнті", – деді мемлекет басшысы.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
"Ұлтымыздың ұлық мейрамы": Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады (фото)
21.03 -
-
-