Ол 30 жылда орнын босатпайтын депутаттарға қатысты халық ішінде сын күшейгенін алға тартты.
Қырғызстанда парламентке сайлаудың жаңа жүйесін талқылау барысында депутат Медер Әлиев депутаттардың сайлану мүмкіндігін екі мәртемен шектеуді ұсынды. Оның айтынша, халық ішінде "депутаттар құрамы жаңармайды" деген сын жиі естіле бастаған. Бұл туралы 24.kg жазды.
"Біз шектеу енгізсек, қалай қарайсыздар? Мысалы, депутат болып қатарынан екі мерзімге саулануға ғана рұқсат етілсін", – деп ұсынды ол.
Дегенмен, заң жобасының авторларының бірі, депутат Ұлан Прімов мұны кандидаттардың құқығын шектеуге балады.
"Жогорку Кенеш кандидаттардың құқығын шектемеуі тиіс. Дегенмен, жазбаша ұсыныс беріңіз, біз оны талқылау және дауыс беру жолымен шешуге дайынбыз", – деп жауап берді ол.
Медер Әлиевтің пікірінше, азаматтардың сайлауға деген көзқарасы өзгермейінше, сайлау жүйесіндегі реформалар проблемаларды шеше алмайды.
Оқи отырыңыз: Садыр Жапаров Орта Азияда Шенгенге балама виза түрін енгізуді ұсынды
TOP
-
-
-
-
«Бар шындықты айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады». Әнші Мақпал Жүнісова елге мұңын шақты
23.03 -
«Туған ата-анасын іздеп жүр»: Шетелдіктер асырап алған тағы бір қазақ баласы елге оралды
23.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-