• 21-03-2025

Қазақстан, Өзбекстан мен Әзірбайжан жасыл энергияны бірлесе дамытады

Қазақстан, Өзбекстан мен Әзірбайжан жасыл энергияны бірлесе дамытады. Үш ел арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялау бойынша қаулыға өзбек елінің басшысы қол қойды. Бұл туралы Өзбекстанның әділет министрлігі хабарлады.

Келісім өткен жылдың соңында үш мемлекет басшыларының қатысуымен қабылданған.

Енді осы халықаралық шарт күшiне еніп, тиісті органдар оның орындалуын қамтамасыз етеді.

Энергетика саласындағы ынтымақты өзара тәжірибе алмасуды арттырып, озық технологияларды қолдануға жол ашады, деп жазады qazaqstan.tv.

Ең бастысы энергетикалық қауіпсіздікті нығайтады.

"Жаңартылған энергияға көшу – экономикалық тұрғыда да, қоршаған ортаны қорғау тұрғысында да маңызды. Жоба аясында түрлі ғылыми зерттеулер жүргізілді. Спутниктік таратқыштармен жабдықталған құрылғылар орнатылды. Табиғатта шекара жоқ, яғни бұл Орталық Азияда орналасқан елдердің барлығына ортақ жоба." Пол Долман, Шығыс Англия университетінің профессоры, сарапшы