• 21-03-2025

Прокуратура 78 млн теңге сомасына мемлекет қаражатының заңсыз жұмсалуына жол бермеді

Қаланың білім беру мекемесі 78 млн теңге сомасына бюджет қаражаты есебінен шатырды жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған.

Алайда, қала прокуратурасы мектеп ғимаратының бір жарым жыл бұрын ғана пайдалануға берілгенін және кепілдік қызметінде тұрғанын анықтады. Сәйкесінше, барлық жөндеу жұмыстары мердігер есебінен жүргізілуі тиіс.

Прокуратура енгізген қадағалау актінің нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алудың күші жойылды, кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапқа тартылды, ал тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.