• 21-03-2025

ЕGov-та жаңа функция пайда болады

Жақын арада eGov қосымшасында жаңа функция пайда болады, оның көмегімен қазақстандықтар өздерінің жеке деректері таралып кеткен-кетпегенін тексере алады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Web-Totem ЖШС директоры Руслан Тургельдиновтың айтуынша, жаңа Nomad Guard сервисі eGov жүйесімен біріктірілген.

«Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы кірген кезде жүйе сіздің ЖСН, аты-жөніңіз және электрон поштаны қоса алғанда, мобильді азаматтар базасынан алынған деректерді пайдаланады. Дәл осы мәліметтер бойынша ақпараттың тарап кету ықтималдығын іздеу жүргізіледі. Табылған жағдайда 1414-тен, сондай-ақ eGov Mobile қосымшасы арқылы хабарлама келеді», — деді Тургельдинов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жаңа функцияны тестілеудің соңғы кезеңдері аяқталуға жақын. Алдағы күндері бұл функция қосымшада пайда болады және әрбір азамат өзінің жеке деректері таралып кетпеді ме, тексере алады.