2024 жылы 33 479 бұралқы итке екпе салынған . Бірақ, бұл өз тиімділігін көрсетпеген.
Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарына берген жауабында бұралқы иттерге эвтаназия жасау шарттары түсіндірілген.
"Үкімет Парламент Мәжілісі депутаттарының проблеманы кешенді шешуге бағытталған және жануарлардың санын реттеу үшін қайтарымсыз аулауды және эвтаназияны қолдануды көздейтін "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңға түзетулерін қолдады", – деді премьер-министр.
Атап айтқанда, ауру, агрессия көрсететін, зообақылау ұйымдары мен өзге де адамдар қажет етпеген және талап етпейтін қаңғыбас жануарлар үшін 15 күн ішінде және қараусыз қалған жануарлар үшін 60 күн ішінде эвтаназия қолданылады.
Бұл ретте Олжас Бектенов Бұған дейінгі қолданыста болған ҰЗВШ (ұстау – зарарсыздандыру – вакцинациялау – шығару) әдісі тиімді болмағанын алға тарты.
Премьер-министр ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылы бұралқы 267547 және иесі бар 1933 ит ұсталды. Иттердің адамдарға шабуыл жасауының 37949 жағдайы тіркелді, оның ішінде:
- иесі бар иттер – 16 905 жағдай;
- бұралқы иттер – 21 044 жағдай.
2023 жылы 32 221 бұралқы ит, 2024 жылы 33 479 бұралқы ит вакцинацияланды.
Оқи отырыңыз: Енді Алматыдағы қаңғыбас ит-мысықтарға жедел жәрдем келеді
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
«Ұрпақ сүйе алмайтынымды әйеліме бір ай бойы айта алмадым»: Белгілі әнші жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
20.03