Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы фристайл-акробатикадан Энгадинде (Швейцария) өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біздің құраманың бес өкілі әлемдік біріншілікте өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Энгадинде өтетін жарысқа қатысатындар:
- Шерзод Хаширбаев,
- Уланбакир Умурзаков,
- Дінмұхаммед Райымқұлов,
- Асан Асылхан,
- Аяна Жолдас.
Фристайл-акробатикадан Әлем чемпионаты 27 наурызда басталады.
Бұған дейін бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгенін жазғанбыз.