Синоптиктер алдағы бейсенбі, 2025 жылы 6 наурыз арналған республика бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Ел аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронтальды бөліктердің салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: солтүстікте, шығыста қар жауса, батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар) түседі, оңтүстікте жаңбыр жауады". "Қазгидромет" РМК
Сондай-ақ, республика бойынша тұман, жаяу бұрқасынның жүруі, желдің күшеюі, көктайғақ сынды ортақ табиғи құбылыс жалпылама сипатқа ие болады деп болжанады.
Бұған дейін Шымкентте күн күрт ысып, Астанада боран ұйтқитыны болжанған. Қос қаладағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен мына арадан таныса аласыздар.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
Переход к более ответственному перед обществом государству: Политолог о реформах Касым-Жомарта Токаева
17.03 -
-
-
-
-
-