Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды .
Палатаға ратификациялық заң жобаларының топтамасын қарау ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау жөніндегі келісім 2024 жылғы 19 сәуірде Астана қаласында жасалды. Бұл құжат инвестициялық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасауға, тікелей шетелдік инвестициялар тартуды ынталандыруға және тараптар мемлекеттерінің экономикалық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге енгізілетін түзетулер жөніндегі Хаттама Хатшылық қызметкерлерінің мәртебесіне, азаматтығына қарамастан олардың жеңілдіктері мен иммунитеттерін кеңейтуге және болу жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Тағы бір келісімде Америка Құрама Штаттары Үкіметіне Алматы қаласында АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін 70 мың шаршы метрден аса жер учаскесін 49 жыл мерзімге жалға беру тәртібі мен шарттары белгіленеді.
TOP
-
-
-
-
-
-
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
27.03 -
-
-
-
-
-
-
-