• 22-03-2025

Талдықорғанда өрт кезінде 64 жастағы ер адам зардап шекті

ТЖМ құтқарушылары Талдықорғанда өртеніп жатқан жеке тұрғын үйден бір адамды, үш газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт Талдықорған қаласы маңындағы Өтенай ауылында болған. Жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылысы отқа оранған.

"Құтқарушылар 90 шаршы метр алаңдағы өртті жедел сөндіріп, 1961 жылғы үй иесін құтқарып, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Сондай-ақ оқиға орнынан 20 литрлік үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Олардың кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында адамның өмірі құтқарылып, өрттің таралуы мен газ баллондарының жарылуының алдын алды", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Алматы облысында алапат өрт болғанын жазғанбыз.