• 24-03-2025

Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы: Нариман Құрбанов Түркияда топ жарды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов өзінің бірінші ресми жарысында-ақ тұтқалы ат снаряды жаттығуында чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте, спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңінде қоржынымызға екі бірдей жүлде түсті.

Алтынды Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қанжығаласа, күміс жүлдені қазақстандық Зейнолла Ыдырысов жеңіп алды. Қоланы Иорданиялық Әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері Ахмад Әбу әл-Сауд иеленді.

Бұған дейін Черчесовтың футболдан Қазақстан құрамасына сәттілік тілеп, қазақша құттықтау жолдағаны хабарланған болатын.