• 24-03-2025

Өскеменде қызыл жалын арасынан бес адам құтқарылды

Өскемендік өрт сөндірушілер қызыл жалын арасынан 5 адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 23 наурызда Өскеменде Назарбаев даңғылында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерде 15 ш.м. алаңда жиһаз және жеке заттар жанды.

Жедел жеткен өрт сөндірушілер көрші пәтерлерден құтқару капюшондарының көмегімен 5 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады және өртті тез арада сөндірді.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін ІІМ кадр саласының офицері есірткі жасырушыны ұстаған ерлігі жайлы жазған болатынбыз.