"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күн — 2025 жылдың 24-26 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
24 наурыз: аспан бұлтты, жаңбыр аралас қар, боран мен көктайғақ. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14, кейде тіпті 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°, күндіз -1...-3°.
25 Наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°, күндіз 0...+2°.
26 наурыз: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде-10...-12°, күндіз +5...+7°.
Алматы
24 наурыз: бұлтты,таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+ 9°, күндіз + 13...+ 15°.
25 Наурыз: аспан бұлтты, аздаған жауын-шашын жауады. Тұман түседі. Түнде ауа температурасы -1...+1°, күндіз +4...+6°.
26 наурыз: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°, күндіз +4...+ 6°.
Шымкент
24 наурыз: аспан бұлтты, күндіз қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 8-13 м/с, кей тұста – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°, күндіз +15...+17°.
25 Наурыз: аспан бұлтты, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 8-13 м/с, күндізгі екпіні – 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +6...+8°, күндіз +10...+12°.
26 наурыз: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°, күндіз +8...+10°.
Бұған дейін Алматы облысында қар көшкіні жүріп, тас жолды жауып қалғандығы хабарланған болатын.