Ақтөбеде кәмелетке толмағанды өлтірді деген күдікпен 10 адам сотқа тартылады. Бұл туралы ақпаратпен облыстық прокуратурасы бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға өткен жылдың мамыр айының соңында Ақтөбе қаласының шетінде (мал базары ауданында) екі жасөспірімдер тобының арасында суық және атыс қаруын қолданумен болған төбелес кезінде орын алған. Салдарынан 8 жасөспірім атыс және пышақ жарақатын алып, бір кәмелетке толмаған — Ақтөбе қаласының тұрғыны қаза тапты.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, марқұмды автокөлікпен қағып, оған көптеген пышақ жарақаттарын салған.
Осы күні облыстық полиция пепартаментімен ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Облыс прокуратурасымен қылмыстық іс бақылауға алынып, процестік прокурорлар тобы тағайындалды.
Полиция қызметкерлерімен жедел түрде қылмысқа қатысы бар 10 тұлға ұсталып, олар уақытша ұстау абақтасына қамалды.
Сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс тергеушінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы баяндамасымен прокуратураға келіп түсті.
2025 жылы 26 ақпанда облыс прокуратурасымен айыптау актісі жасақталып, іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
2025 жылы 26 ақпанда Алматыдағы сауда орталығында оқушылардың жаппай төбелесі болғанын хабарлағанбыз.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
«Сенсіз өткен қырық күн»: Бағым Мақсатқызы күйеуіне жантебірентерлік жазба арнады (ВИДЕО)
15.03 -
«Жоғары лауазымды полицейдің қызы». Ақтауда «қыз зорлады» деген күдікпен жас жігіт сотталды
15.03 -
-
-
-
-