
905 мектеп түлегіне орта техникалық білім туралы диплом беріледі.
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеп отыр.
Елімізде жоғары сынып оқушыларына жұмысшы мамандығы біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.Кәсіптік даярлық колледждер базасында, ал жалпы білім беру пәндерін меңгеру мектептерде өтеді. 11-сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар аттестат қана емес, орта техникалық білім туралы диплом да алады,– дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Пилоттық жобаға 150-ге жуық колледж бен мектептің 2 мыңға жуық оқушысы қатысуда. Биыл 905 түлек кәсіби біліктілікпен қатар еңбек нарығына бірден шығу мүмкіндігін алып, колледж дипломын алады деп күтіліп отыр.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
ОҚО-дағы жер сілкінісі: арнайы техникалар тартылып, шатырлардың орнатылуы тұрғындарды алаңдатқан
29.03 -
-
-
-