Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Полиция қызметкерлері Ордабасы ауданында Шымкент қаласының тұрғыны Lada Granta көлігінің жүргізушісін тоқтатты.
Анықталғандай, ол бұрын сотты болған. Жедел уәкілдер көлікті тексеру кезінде өсімдік тектес есірткі салынған қапты тапты.
Алынған заттың жалпы салмағы 1 келіден астам көкнар болып шықты. Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлер істің барлық мән-жайын анықтап, одан әрі жедел шараларды жалғастырып жатыр.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
ОҚО-дағы жер сілкінісі: арнайы техникалар тартылып, шатырлардың орнатылуы тұрғындарды алаңдатқан
29.03 -
-
-
-