Италия тас жолдарында 40-шы Халықаралық Коппи-Бартали апталығы өтуде. Жарыс 25-29 наурыз аралығында UCI Еуропа туры аясында ұйымдастырылуда .
"Халықаралық Коппи-Бартали апталығы" көпкүндік веложарысының екінші кезеңі мәресіне жетті. XDS Astana Team командасының велошабандозы Диего Уллисси кезеңнің соңғы бөлігін сәтті өткізіп, үшінші болып мәреге жетті. Бұл оған жалпы есепте де үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
"Әрине, мен әрдайым жеңіс үшін, ең жоғары нәтиже үшін күресуге тырысамын. Бірақ бүгін үшінші орынға да көңілім толады деп айта аламын. Маусымның басы мен үшін аса сәтті болмады. Өйткені денсаулығыма байланысты қиындықтар болды. Ұзақ уақыт бойы спорттық бабыма келе алмадым, бірақ қазір барлығы қалыпқа келіп жатыр. Мен біртіндеп жарыс қарқынына қосылып келемін. Сондықтан келесі кезеңдерде бүкіл командамызбен бірге күресті жалғастырамыз", – деді Диего Уллисси.
Команданың тағы бір шабандозы Симоне Веласко 9-нәтиже көрсетті.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
ОҚО-дағы жер сілкінісі: арнайы техникалар тартылып, шатырлардың орнатылуы тұрғындарды алаңдатқан
29.03