"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бүгін, 2025 жылғы 27 наурызда қазақстандықтарға некені тіркеудің қажетті күнін қалай таңдауға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткен соң жеке қатысуымен жүргізетінін атап өтті.
"Егер мерзімнің аяқталуы демалыс күніне келетін болса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні болып есептеледі", – деп түсіндірді Мемлекеттік корпорация.
Осылайша, егер азаматтар белгілі бір күні некені тіркегісі келсе, олар өз бетінше есептеп, өтініш беретін күнді таңдай алады.
Бұған дейін қазақстандықтың әскери қызметке шақыру жасына дау айтпақ болып, сотқа жүгінгендігі хабарланған болатын.
TOP
-
-
-
-
-
-
Экс-күйеуі әйелін бауыздаған: Жылыой ауруханасының ұжымы Мейрамгүлді ақтық сапарға аттандырды
29.03 -
-
-
-
-
-
-
-