Жетісу облысы Сарқан аудандық білім бөлімінің ММ бас бухгалтері сегіз жылға сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Қылмыстық істі Талдықорған қалалық соты қарады.
Сарқан аудандық білім бөлімінің үш бухгалтеріне, "Қазпошта" АҚ аудандық учаскесінің бастығына, "Айдана" бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушыға және Жетісу облысы ішкі мемлекеттік аудит басқармасы камералдық бақылау бөлімінің басшысына қатысты үкім шықты.
"Бухгалтерлер мен аудандық пошта бөлімінің басшысы білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық ақша аударып, 1,6 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: 263 миллион теңге: Шымкенттік кәсіпкер салық төлемегені үшін сотталды
Ішкі мемлекеттік аудит қызметкері аудит жүргізбеу сылтауымен балабақшадан қаражат иемденген. Ал бухгалтер мен балабақша меңгерушісі оған пара бермек болған.
"Сот үкімімен білім бөлімінің бас бухгалтері сегі жылға, тағы екі бухглатер мен аудандық пошта бөлімінің басшысына жеті жылға бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды. Ал балабақша меңгерушісіне 1,2 миллион теңге, ішкі мемлекеттік аудиттің бөлім басшысына 1 миллион теңге айыппұл салынды", – делінген хабарламада.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
TOP
-
-
-
-
-
-
Экс-күйеуі әйелін бауыздаған: Жылыой ауруханасының ұжымы Мейрамгүлді ақтық сапарға аттандырды
29.03 -
-
-
-
-
-
-
-