Бұл істе бірнеше клубтың аты да аталған
Қазақстанның Бас прокуратурасы футбол федерациясының бұрынғы басшылығы кезінде жасалған былықтарды енді анықтап, енді жария етіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, федерацияның бұрынғы басшылығы мен бірнеше футбол клубтарының бюджеіне жасалған талдау 3 млрд теңге көлемінде заң бұзу болғанын көрсеткен.
«Негізсіз сыйақылар төлеу, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру фактілері көп кездеседі. Атап айтқанда, Федерацияның бұрынғы басшылығы жекелеген қызметкерлер мен спортшыларға 300 млн теңгеден астам сомада негізсіз сыйақы төлеген. Федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғар қаласындағы жаттығу базасын салу барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 350 млн теңгеден аса төлемдер жасалған. 2021 жылы басталған Алматы облысындағы база құрылысы тоқтап тұр, ал мердігердің шоттары бұғатталған», — дейді заңсыздықтарды тізген Бас прокуратура.
Сондай-ақ Бас прокуратура 135 млн теңге стратегиялық құжаттар мен стандарттарды әзірлеуге бөлінген қаражаттың орынды жұмсалуы да күмән тудырғанын хабарлаған.
«Ордабасы», «Ақтөбе» және «Жетісу» футбол клубтарындағы тексерулер де келісімшарт сомаларын асырып көрсету, ойыншыларды төмен бағамен сату, жоғары бағамен сатып алу және қаражат жымқыру сияқты бірқатар елеулі бұзушылықтар анықталды», — деп хабарлайды дереккөз.
Енді бұл қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігі тергейді.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
Экс-күйеуі әйелін бауыздаған: Жылыой ауруханасының ұжымы Мейрамгүлді ақтық сапарға аттандырды
29.03 -
-
-
-
-
-