• 31-03-2025

"ҚТЖ - Жүк тасымалы" қызметінен бұзушылықтар анықталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізген тергеп-тексеру нәтижесінде HILL Corporation ЖШС мен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС арасындағы бәсекелестікке қарсы келісім анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, тергеп-тексеру барысында "ҚТЖ-ЖТ" локомотивтерге арналған мотор майларын сатып алу кезінде әлеуеті жететін жеткізушілерді лайықты көрмей, арнайы шарттар қолданғаны белгілі болды. Бұл олардың сатып алу конкурстарына қатысуына кедергі келтіріп, бастапқыдан-ақ HILL Corporation компаниясының мүддесіне жұмыс істеуіне бағытталған әрекеттерді айқындады.

БҚДА жүргізген тергеп-тексеру нәтижелеріне қатысты компания сотқа шағымданған болатын. Алайда, 2025 жылғы 11 наурыздағы Жоғарғы Сот қаулысына сәйкес, жергілікті соттардың "HILL Corporation" ЖШС мен "КТЖ-Жүк тасымалдау" ЖШС қатысты Агенттік тергеп-тексеруінің заңды екені туралы шешімдері өз күшіне енді.

Локомотивтерге арналған мотор майларын жеткізу саласында анықталған бәсекелестікке қарсы келісімнің жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асты.

Бұған дейін Маңғыстау облысында алаяқтардың тұрғындардың шотынан 48 млн теңге жымқырғандығы хабарланған болатын.