Қазақстанда 2025 жылғы 31 наурызда 2024 жылғы салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Параграф" АЖ 2024 жылдың қорытындысы бойынша мынадай есептерді ұсыну қажет екенін еске салды:
- КТС бойынша декларациялар (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 н.).
- ЖТС бойынша декларациялар (220.00, 240.00 т.).
- Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларация (есеп) (531.00-нысан).
- Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан).
- Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларация (560.00-нысан).
- Жер қойнауын пайдалануға балама салық бойынша декларация (600.00-т.).
- Көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00-нысан).
- Жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан).
- Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, ТШЖ қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (912.00-т.).
- Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін декларация (920.00-нысан).
Бұдан өзге, 2024 жылғы 4 тоқсанда резидент табысынан төлем көзінен ұсталатын КТС бойынша есеп ұсынылады (101.04-нысан).
Бұл ретте, 2025 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жеке тұлғаларға 2024 жылға көлік құралдарына салық төлеу қажет.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Экс-күйеуі әйелін бауыздаған: Жылыой ауруханасының ұжымы Мейрамгүлді ақтық сапарға аттандырды
29.03 -