• 31-03-2025

Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, қаза тапты

Алматы полицейлері 19 жастағы қыздың өлімін тергеп жатыр. Ол тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қайғылы оқиға қала орталығына жақын орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оқиға таңертең ерте болған. Өткен түні қыз өзінің жігітімен жанжалдасқан болуы мүмкін. Жанжалдан кейін ол тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен қолында телефонмен құлап, қайтыс болды. Марқұм небәрі 19 жаста еді", — делінген хабарламада.

Полицейлер "өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауда.