Бейбіт Жұқаев пен Дмитрий Попко Мексикадағы "Челленджердің" жартылай финалында ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейбіт Жұқаев (215 ATP) Мексиканың Морелия қаласында өткен "Челленджер" санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты.
Ширек финалда қазақстандық швейцариялық Марк-Андреа Хуслермен (172 ATP) кездесті. 2 сағат 12 минутқа созылған кездесу 6:3, 6:7 (2:7), 6:4 есебімен Жұқаевтың пайдасына шешілді. Жартылай финалда Бэбибит турнирдің бірінші ракеткасы австралиялық Джеймс Даквортқа (95 ATP) қарсы ойнайды.