• 01-04-2025

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасының спортшысы Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Алтын медаль үшін болған белдесуде Ризабек Айтмұхан жапондық Араш Йошидаға 1:7 есебімен есе жіберді.

Осылайша Қазақстан құрамасы жарыстың бірінші күнін екі медальмен аяқтады. Бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақта Рахат Қалжан қола медаль жеңіп алған болатын. 30 наурызда қалған бес салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынады.