• 01-04-2025

Ақтауда екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты

Ақтаудағы Шығыс-2 шағын ауданында екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, өрт толығымен 100 ш.м. алаңда сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

"Төтенше жағдай орын алған жағдайда112 телефонына хабарласыңыз!" Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі