Құтқарушылар Жетісу облысы Сарыөзек ауылында қараусыз қалған ғимаратта үстіне бетон плитасы құлаған 15 жасар жасөспірімге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға кезінде жасөспірім достарымен бірге қараусыз қалған ғимаратта жүріп, оның үстіне бетон плитасы құлаған. ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, құтқару зембілі мен сатының көмегімен жасөспірімді жерге түсіріп, одан әрі медициналық көмек көрсету үшін "103" қызметінің қызметкерлеріне тапсырды.
Жас жігіт әртүрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның егжей-тегжейлері анықталуда.
Бұған дейін Оралда жеңіл көлік қағып кеткен әйел мерт болғандығы хабарланған болатын.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Айттан кейін ораза қарызын өтеген дұрыс па, әлде Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстаған жөн бе
01.04 -