Сауда және интеграция министрінің м. а. 2025 жылғы 20 наурыздағы бұйрығымен электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидаларда келесі ұғымдар анықталды:
- электрондық сауда алаңы – электрондық саудаға қатысушыларға инфрақұрылымды, оның ішінде олардың арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жұмыстар мен қызметтер көрсетуге шарттар жасасуды қамтамасыз ететін интернет-ресурс;
- электрондық саудаға қатысушылар – сатып алушы, сатушы және (немесе) электрондық сауда алаңы ретінде қатысатын жеке және заңды тұлғалар.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде электрондық сауда алаңындағы инфрақұрылымында:
- электрондық сауда алаңының электрондық саудаға қатысушыларға қоятын ішкі талаптары;
- тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет үшін банктік төлем жүйелерін пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндігі;
- тауардың немесе көрсетілетін қызметтің жеткізілуін ұйымдастыру немесе үйлестіру;
- сатып алушы мен сатушы арасындағы, оның ішінде тауарды қайтарып беру кезіндегі өзара есеп айырысуды қамтамасыз ету;
- сатып алу-сату шартын, қызметтер көрсету шартын электрондық құжаттар немесе электрондық хабарлар алмасу жолымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жасасу мүмкіндігін беру қамтылады.
Электрондық сауда алаңы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде:
- ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпараттың, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің тұтастығы мен құпиялылығын;
- электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша сатып алушының өз міндеттемелерін орындауын, егер мұндай шарттарды электрондық сауда алаңы іске асырған жағдайда, қамтамасыз ету шарттарын айқындайды.
Электрондық сауда алаңы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде жол берілмейді:
- электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарларда қамтылған ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге;
- электрондық құжаттарды, электрондық хабарларды немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде оларда қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге, егер оның электрондық саудаға басқа қатысушылармен жасасқан шартында өзгеше көзделмесе;
- егер оның электрондық саудаға басқа қатысушылармен жасасқан шартында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттардың немесе электрондық хабарлардың мазмұнын не оларды пайдалану тәртібін өзгертуге құқылы емес.
Сатушының, сол сияқты сатып алушының электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде басқа тараптан электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауын талап етеді.
Сондай-ақ, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері сатып алуды электрондық сауда алаңдары арқылы жүргізетіні атап өтіледі.
Бұл ретте табиғи монополия субъектісі сатып алуды ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған электрондық сауда алаңдары арқылы жүзеге асырады.
Бұйрық 2025 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.