
Бүгін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды .2023 жылғы 28 қазанда жерасты тазарту қазбаларында орын алған қайғылы оқиға нәтижесінде 46 кенші қаза тауып, тағы 28 кенші жарақат алған болатын, деп хабарлайды Қарағанды облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Сот отырысына мемлекеттік айыптаушылар, жәбірленушілер, олардың өкілдері, сотталушылар мен қорғаушылар қатысты.
Еске сала кетейік, қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп, нәтижесінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам сотқа тартылған болатын.
Барлығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу).Сотталушылар қамауда. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "№61 мекеме" РММ ғимаратында қаралады.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Переход к более ответственному перед обществом государству: Политолог о реформах Касым-Жомарта Токаева
17.03 -
-
-
-