• 02-04-2025

Қазақстандық блогерлерге әлеуметтік желілердегі ұтыс ойындары үшін жауапкершілік туралы ескертілді

Қазақстанда блогерлер арасында әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізудің заңсыздығына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-премьер – министрі Серік Жұманғарин депутаттардың сұрауына жауап бере отырып мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, "Заң және тәртіп" медиа-жоспары аясында халық пен блогерлерге заң талаптарын сақтау қажеттігі туралы ақпарат беру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ, ол Мәдениет және ақпарат министрлігі Instagram, TikTok және Meta әлеуметтік желілерімен бірлесе отырып, ақпараттық алаңды таза ұстау және алаяқтық схемалардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп келетіндігін айтты.

Сонымен қатар интернет кеңістігі тәулік бойы бақыланып, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда жедел шаралар қабылданады.

"Жыл басынан бері интернеттегі алаяқтықтың 1 870 дерегі тіркелді, оның ішінде әлеуметтік желілерде – 389. 1 480 сайт пен сілтемеге қолжетімділік шектелді. Интернет-казиноға қатысты 8 616 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде 6 399 жағдай әлеуметтік желілерде тіркелген, 2 195 интернет-ресурс бұғатталды",- деді ол.

Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстандағы ресми лотерея операторы – "Сәтті Жұлдыз" АҚ, оған 15 жыл мерзімге лотерея өткізу құқығы берілген.

Бұған дейін Өзбекстанда сәуірден бастап салық жүйесі өзгеретіндігі хабарланған болатын.