• 02-04-2025

Raim мен Ерке Есмахан отбасылық суреттерімен бөлісіп, қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Танымал әнші Ерке Есмахан оқырмандарын желі арқылы Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші өзінің Instagram парақшасында жүрекке жылу сыйларлық отбасылық суреттерін жариялады.

"Ораза Айт құтты болсын! Жүректеріңізге тыныштық, отбасыларыңызға береке, өмірлеріңіз мейірімге толсын! Ораза айында тілеген ақ тілектеріңіз орындалсын! Шүкір ететін сәттеріміз көп болсын!",- деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Оқырмандары да қасиетті мейраммен жұлдызды жұпты құттықтады.

  • Келесі Оразаны тағы бір ЖанҰя мүшесімен бірге қарсы алу бұйырсын!
  • Раймның раушан гүлдей жайқалған Еркесі мен ішіндегісі,бұтағының құрағы мен бұлағы болған ұлдары -Раймның отбасына шырай беріп,мәні мен сәні келіскен үлкееен жанҰя болуларыңа дүйім қазақ жұрты тілекші.Тіл көзден аман жүріңіздер!
  • Отбасыңыздан мейірім мен жылулықтың иісі аңқиды
  • Айт қабыл болсын, Айттық менен, Кәмпит сенен!
  • Айт мерекесі — сүйіспеншілік пен бейбітшіліктің, береке мен шаттықтың мерекесі. Осы ерекше күні сізге мейірімділік пен қуаныш, денсаулық пен бақыт тілеймін. Жанұяңызға амандық, әрбір күнге береке, жүректеріңізге тыныштық болсын. Айт мейрамы құтты болсын!

Бұған дейін Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова отбасылық саяхатқа аттанғандығы жайлы жазған болатынбыз.