
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, оның ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (МҚЖҰ) реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Бақылау нәтижелері бойынша және заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда Агенттік қадағалаудағы субъектілерге қатысты тиісті шаралар мен санкцияларды қолданады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Агенттік МҚЖҰ-ға 26 жоспарлы (тәуекел дәрежесін бағалау негізінде), 12 жоспардан тыс және 595 құжаттамалық тексеру жүргізді. Нәтижесінде жазбаша ұйғарым нысанында 97 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, 36 ескерту жасалды, жалпы сомасы 228 млн теңгеге 687 айыппұл салынды.
71 субъектінің микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуы тоқтатылды, оның ішінде 49 субъект ерікті негізде, 22 субъект мәжбүрлеп лицензиядан айырылды. 32 субъектінің лицензиясы 4 айға дейін тоқтатылды.
Сонымен қатар, бақылау және қадағалау барысында МҚЖҰ қызметінде заңнамада көзделмеген не олардың құқық қабілеттілігінен тыс операцияларды жүзеге асыру белгілері анықталған кезде Агенттік әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғай отырып, құзыреті шегінде бұзушыларға қатысты шаралар мен санкциялар қабылдайды. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде тиісті ақпарат қылмыстық қудалау органдарына мәселені одан әрі қарау үшін жіберіледі.
2025 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша микроқаржыландыру нарығында 910 субъект жұмыс істейді, оның ішінде 481 ломбард, 213 микроқаржы ұйымы, 216 кредиттік серіктестік.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Айттан кейін ораза қарызын өтеген дұрыс па, әлде Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстаған жөн бе
01.04 -