• 02-04-2025

Жапондық танымал мейрамханалар желісі тағамнан егеуқұйрық пен тарақанның шығуына байланысты жабылады

Жапония бойынша екі мыңға жуық нүктесі бар Sukiya мейрамханалар желісі тағамнан кеміргіштер мен жәндіктердің шығу оқиғаларынан кейін филиалдарының біраз бөлігін уақытша жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 30 наурызда компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

"31 наурыз бен 4 сәуір аралығында Sukiya барлық мейрамханалардың жұмысын тоқтатады, тек сауда орталықтарында орналасқан мейрамханалар ғана жұмыс істейді. Осы уақытта мейрамханаларда дезинсекция бойынша мамандардың қатысуымен тексерулер жүргізіледі",- делінген ақпаратта.

鳥取県·東京都の店舗における異物混入について、改めて深くお詫び申し上げます。この状況を重大かつ真摯に受け止めております。

3/31(月)9:00〜4/4(金)9:00の間、一部店舗を除く全店を閉店し、安全·清潔な環境の整備に全力を尽くします。

今後ともご愛顧をよろしくお願いいたします。

— すき家【公式】 (@sukiya_jp) March 30, 2025

Sukiya – Жапонияда күріш, бұқтырылған сиыр еті және пияздан тұратын танымал тағам. Компанияның ел ішінде шамамен 1970 нүктесі бар, алыс-жақын шетелдерде 600-ден астам мекемесі орналасқан.

Бұл ретте, мейрамхана қонақтары тағамдардан егеуқұйрық пен тарақандардың табылғандығы жайлы шағымдар түсірген болатын.

Бұған дейін Ұлыбритания көшелерінде егеуқұйрықтар қаптағаны жайлы жазған болатынбыз.