Қазақстан жаңа "Тальго" вагондарын сатып алмайды
"Тальгоны" Stadler шығарған вагондар алмастырады. Ал, бұрынғы вагондар пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін қо ...
Қазақстан "Тальго" вагондарынан бас тартып жатыр: жаңаларын сатып алу жоспарда жоқ, ал бұрынғы вагондар пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Көлік министрлігіне қарасты Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жанибек Тайжанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Тайжановтың айтуынша, қазіргі таңда 14 бағытта "Тальго" типіндегі 14 пойыз жүріп жатыр — барлығы шамамен 732 вагон. 2023 жылдан бастап Қазақстанда бұл вагондардың өндірісі тоқтатылған.
"Тальго" вагондары шығарылған зауыт сатылып, енді Stadler вагондарын өндіруде. "Тальго" вагондарын жаңадан сатып алу жоспарланбаған, қолданыстағы құрамдар пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін қызмет етеді", – деді комитет төрағасы.
Тайжановтың айтуынша, қазіргі таңда отандық өндірістегі вагондарды сатып алуға басымдық берілуде. Бүгінде Қазақстанда екі зауыт – ЗИГ-100 және Stadler Kazakhstan жұмыс істейді, олар жаңа пойыз құрамдарын шығарып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
"Тальгоны" Stadler шығарған вагондар алмастырады. Ал, бұрынғы вагондар пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін қо ...