Қазақстандық Юлия Путинцева даниялық Клара Таусонмен бірге Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/16 финалында Макото Ниномия (Жапония) / Сара Соррибес-Тормо (Испания) дуэтімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Матч 1 сағат 21 минутқа созылып, онда қазақстандық-даниялық теннисшілер 6:0, 4:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті.
Путинцева мен Таусон келесі айналымда Елена Остапенко (Латвия) / Эллен Переспен (Аустралия) кездеседі.
Путинцева жекелей сын бойынша турнирдің 1/32 финалында чехиялық Катерина Синяковамен шеберлік байқасады.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
Переход к более ответственному перед обществом государству: Политолог о реформах Касым-Жомарта Токаева
17.03 -
-
-
-
-
-