Ол медицина, сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп сынды түрлі салаларда жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі.
VK Tech компаниясы Cloud ML платформасын, толық циклді ML әзірлеуге мен Data топтарының бірлесіп жұмыс істеуіне арналған платформаны іске қосады. Бұл туралы компания Алматыда өткен Vk Cloud Nomad Fest конференциясында хабарлады.
Платформа деректермен эксперименттерді жылдам жүргізуге және бұлтта ML үлгілерін үйретуге мүмкіндік береді. Қазақстандық пайдаланушылар қоршаған ортаны және инфрақұрылымды басқаруды әкімшілендірусіз-ақ машиналық оқытумен жұмыс істей алады.
Cloud ML Platform – бұл ML үлгілерімен және әртүрлі деректермен жұмыс істеуге арналған алдын-ала конфигурацияланған ортасы бар дайын шешім. Пайдаланушылар қажетті конфигурацияны өз бетінше таңдап, платформа пайдаланатын қуатты реттей алады. Мәселелерді шешу үшін тәулік бойы қолдау және құжаттама қолжетімді. Платформаның құрамдас бөліктері: JupyterHub, ML flow + JupyterHub, ML flow Deploy, Cloud Spark.
"Біз қазір VDP Lakehouse – басқарылатын бұлттық қызметтерге негізделген үлкен деректер платформасын іске қостық, бұл компанияларға деректерді сақтау және өңдеу шығындарын 10 есе азайтуға мүмкіндік береді. Жақын арада біз пайдаланушыларға ML және басқа да күрделі есептеулер үшін бұлтқа негізделген GPU карталарын жалға алу мүмкіндігін беруді жоспарлап отырмыз. Біз ML және AI көмегімен Қазақстандағы компаниялардың технологиялық дамуына айтарлықтай үлес қосып жатырмыз деп есептейміз", – деп түсіндірді Қазақстандағы Vk Cloud компаниясының техникалық директоры Болат Қажкенов.
Айта кетейік, Vk Cloud мәліметтерін өңдеу орталықтары Қазақстанда орналасқан. Машиналық оқытуға арналған платформа мен серверлер "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қызмет етеді. Сондықтан, платформаны тұтынушылардың жеке деректерімен жұмыс істейтін компаниялар пайдалана алады. Оның ақысын төлеу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Машиналық оқытуды қолдану медицина, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, онлайн сауда және қаржылық қызмет сынды көптеген салада жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Оқи отырыңыз:
Ұлттық банк пен телеком операторлары антифрод орталықтарын біріктіруде. Бұл не үшін қажет