Көлік министрлігі "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы бұйрыққа түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, ҮАААЖ ақылы автомобиль жолы бойынша қозғалыс үшін төлем мөлшерлемелерін белгілейтін пункттер жаңа редакциясы бекітілді.
"Көлік түріне байланысты АЕК-мен есептелетін тарифтер белгіленді, жергілікті тұрғындар үшін айлық және жылдық абонементтер көзделген, алдын ала төлем мен 15 күн ішінде төлеу кезінде жеңілдіктер қарастырылған. Төлем жүріп өткен қашықтыққа емес, жолда болған уақытқа байланысты алынады. Төлем алу жүйесі тоқтаусыз бақылау аркалары арқылы жүзеге асырылады",- делінген құжатта.
Қол жетімділікті арттыру және уақтылы төлем жасауға ынталандыру мақсатында өткені сәтінен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде төлем жүргізілген жағдайда 50% жеңілдік қарастырылған
Құжат 11 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.