• 17-06-2025

Үндістан әскерилері шекараны кесіп өткен пәкістандықты атып өлтірді

Үндістан шекарашылары халықаралық шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікпен пәкістандыққа оқ жаудырды. Олар ер адам тоқтау туралы ескертуге құлақ аспағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының ақпаратынша, оқиға Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс басталғаннан екі апта өткен соң орын алған. Қақтығыс кезінде 70-тен астам адам қаза тапқан еді, кейін тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келген.

Үндістанның Шекаралық қауіпсіздік күштері (BSF) 24 мамыр кешке Гуджарат штатының Банасканта ауданында халықаралық шекара сыртында орналасқан қоршауға қарай бет алған "күдікті адамды" байқағандарын мәлімдеді.

"Біздің сарбаздар шекара бұзған адамға тоқтауға бұйрық берді, бірақ ол тоқтамаған соң оқ атуға мәжбүр болды", – делінген шекарашылардың мәлімдемесінде.

Құқық бұзушы оқиға орнында көз жұмған.

Үндістанның Гуджарат және Раджастхан штаттары Пәкістанның оңтүстік-шығысындағы Синд провинциясымен шектеседі және бұл өңірлер есірткі контрабандасының орталықтары ретінде танымал.

Пәкістандық шенеуніктер Үндістан оқ тиген адамның нақты жеке басын ашпады деп мәлімдеп, үнді тараптың мәлімдемесін "жұмсақ әрі нақты емес" деп атады. Олар ер адамның Банаскантаға дейін қалай жеткеніне күмән келтіріп, оның кім екенін және оқиғаның жай-жапсарын тексеріп жатқандарын хабарлады.